Қоғам • 25 Қаңтар, 2025

Төтенше жағдайлар саласындағы  мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін арттырды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар саласындағы  мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызмет саласында адами ресурстарды басқару бойынша озық тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатылып жатыр.

Өткен жылы АҚШ-қа іссапар аясында МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай АҚШ-тың Кадрлық қызмет офисінің директоры Роб Шрайвермен кездесті. Тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойып, мемлекеттік қызметтегі адами әлеуетті арттырудың маңыздылығы туралы келісімге келді.

Аталған келісім негізінде 2025 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін «Дағдарысты басқарудағы көшбасшылық» тақырыбында онлайн форматтағы үш күндік оқыту курсы өтуде.

Оқытушылар ретінде АҚШ-тың түрлі ведомство басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын Федералды атқарушы билік институтының профессорлары тартылды.

Қазақстан тарапынан оқытудан 57 мемлекеттік қызметші, яғни Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамы және жергілікті табиғи ресурстарды қорғау саласының басқарма басшылары өтті.

Аталған аудитория соңғы бірнеше жыл ішінде елімізде болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға және АҚШ-тың осындай жағдайларды басқарудағы бай тәжірибесіне байланысты таңдап алынды. Оқыту аясында тыңдаушылармен АҚШ-тың және Қазақстанның төтенше жағдайлар кейстері негізінде интерактивті талқылаулар өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25